Су тасқыны АҚШ тұрғындарын әбігерге салды  

АҚШ-тың Юта штатында төпелеп жауған нөсер тасқынға ұласты.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бірнеше сағаттың ішінде 60 миллиметр жауын түскен. Табиғат апатынан Сидар-Сити қаласындағы көшелер топан су астында қалды. Салдарынан көлік қатынасы тежелді. Тасқын су кәріз жүйесін де істен шығарған. Тұрғындар лас суды тоқтату үшін құм салынған қаптарды тасып әлек болды. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуларынша, нөсер жауын әлі де жаууы мүмкін.