Якутияда өрттен күн көрінбей қалды

Якутия аспанын орман өртінің түтіні тұмшалап алды. Күннің көзі көрінбейді. Тал түсте қараңғы түскендей. 

Желіде тұрғындар түскі 03:30 шамасында түсіріп алған видер тарады. Көшеде түк көрінбейді. Соның салдарынан көлік қозғалысы да қиындаған. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі таңда республика аумағында 164 өрт ошағы бар. Осыған байланысты елде төтенше жағдай жарияланған.