Германияда жасөспірімдер коронавируске қарсы вакцина қабылдай алады

Германияда 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер коронавирусқа қарсы вакцина қабылдай алады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі осындай шешім қабылдады.

Мамандардың айтуынша, шара ерікті түрде ата-аналардың келісімімен өткізіледі. Екпе салар алдында бала міндетті түрде дәрігердің жіті бақылауынан өтуі шарт. Осы жас аралығындағы 4,5 млн балаға BionTech/Pfizer мен Moderna препараттары мақұлданып отыр.

Жергілікті биліктің пікірінше, қазір коронавирустың дельта штамы көбінесе балалар арасында тез тарап барады. Ал бұл елдің қатаң карантинге оралуына қауіп болуы мүмкін.