Британияда вакцина салғызуға баратын адамдарды таксилер тегін апарып жатыр

Британдық таксистер тұрғындарды коронавирусқа қарсы екпе салуға ынталандырудың тамаша тәсілін ойлап тапты.

Атап айтқанда, такси компаниялары азаматтарға азық-түлік жеткізуде жеңілдік жасай бастаған. Ал егер кім де кім вакцина алуға бара жатса оны тегін жеткізіп салады екен. Бастаманы билік өкілдері де қолдап жатыр. Айта кетейік, бүгінге дейін бұл елде ересек адамдардың 90 процентінен астамы, вакцинаның кемі бір дозасын алып үлгірген.