Токиода ішімдік ішкен спортшыларға қатаң ескерту жарияланды

Токиода Олимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитеті спортшылардың алкогольді ішімдік ішуіне қатысты қатаң ескерту жариялады.

Аталған фактіге байланысты тергеу ісі жалғасып жатыр. Естеріңізге салайық, өткен жұма күні  Олимпиада ауылындағы саябақта бірнеше спортшы топ болып жиналып, масайтқыш  ішімдік ішкен. Осылайша COVID-19 пандемиясына қатысты  санитарлық талаптарды бұзды. Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің баспасөз хатшысы Маса Такая бұл іске қатысы барлардың барлығы анықталғанын айтады. Әзірге ереже бұзғандардың есімі мен олардың қай елден келгендері жарияланбай отыр.

Маса Такая, Токио- 2020 Ұйымдастыру комитетінің ресми өкілі:

- Тамыздың 30-ынан 31-іне қараған түні болған оқиғаға қатысты тергеу ісін жүргіздік. Тәртіп бұзғандардың нақты кім екені анықталды. Атлеттерге қатаң ескерту жарияланды. Ұлттық олимпиада комитеті болған жайтқа байланысты жазбаша түрде кешірім сұрады. Ал ойынға қатысқан спортшылар дереу еліне қайту керек. Оларға өз елінде тиісті шара қолданылады.