Қырғызстанның бұрынғы президенті тергеу сұрақтарына жауап беруге дайын

Асқар Ақаев Кұмтөр алтын кен орнына қатысты өтіп жатқан тергеуге қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге дайын. 

Қырғызстанның бұрынғы президенті кеше Бішкекке ұшып келген еді. Бірден Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жеткізілді. Асқар Ақаевтің мәлімдеуінше, ол елге өз еркімен келген.  

Құқық қорғау органдары Орталық Азиядағы ең ірі алтын кен орны толығымен дерлік канадалық өндірушінің меншігіне қалай өтіп кеткенін  тергеп жатыр. Бұған қандай жоғары лауазымды тұлғалардың қатысы болғанын және бұл үшін сыйлық алған ба, жоқ па, соны анықтамақ. Бастапқыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Асқар Акаев арнайы қызметтердің әрекетімен Бішкекке жеткізілді деп жариялаған. Ал бұрынғы президент өз еркімен келгенін айтады.

Асқар Акаев, Қырғызстанның бұрынғы президенті:

Тергеуге көмектесіп, сұрақтарына жауап бергім келеді. Кұмтөрді қалай салғанымыз туралы бар шындықты айтуға келдім. Қандай мақсатпен оны салғанымызды, қандай қателер жібергенімізді. 

Бұл іс бойынша бірқатар жоғары лауазымды тұлға қамауға алынған. Арасында бұрынғы екі премьер-министр, парламенттің бұрынғы спикері және Жогоку Кенештің төрт депутаты бар. Олардың барлығына сыбайлас жемқорлық бабы бойынша айып тағылған. Тергеушілердің пікірінше, шетелдік инвестор Қырғызстанға зор көлемде ақшалай шығын мен экологиялық зиян келтірген. Ұзақ уақытқа жалғасқан бұл жобаның күмәнді тұстарына үкімет мүшелері мен Жогарку Кенеш депутаттарының қатысы болуы мүмкін деген күдік бар.      

Токтогул Какчекеев, саясаттанушы:

Алғашқы келісімінде 85 әлде 87 проценті Қырғыз республикасының меншігінде болған. 15 жылдан кейін Кумтөр толығымен мемлекетіміздің иелігіне өтуге тиіс болған. Бірақ олай болған жоқ. Керісінше, Қырғызстан өз дивидендтері мен активтерінен айырылып, үлесі 15 процентке дейін төмендеді. 

Асқар Ақаев елге оралғаннан кейін, біраз адам әшкереленіп, абақтыға түсетін түрі бар. Бүгіннің өзінде Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы премьер-министр Темір Сариевті қамауға алды. Тергеу барысында ол экономика министрі қызметін атқарған кезде тиісті мемлекеттік  комиссияның төрағасы ретінде Кумтөр кен орны келтірген экологиялық зиянның мөлшерін бірнеше миллиард сомға азайтқаны анықталды.

Авторы: Бақыт Чермашев