Ресейде халықты жаппай вакциналау міндеттелді

Ресейде өңірлердің жартысынан көбі вакцина алуға міндеттелді.

43 аймақта медицина, сауда, көлік және туризм салаларының қызметкерлеріне екпе салынатын болды. Азаматтардың бұдан бас тартуға құқығы бар, бірақ жұмысынан шеттетіледі. Елдегі эпидахуал әлі де күрделі. Соңғы тәулікте Ресейде 22 мыңнан аса науқас анықталып, 788 адам көз жұмды.  Әсіресе Мәскеу, Санкт-Петербор мен Мәскеу облысында індет өршіп тұр. Алғаш рет Перуде анықталған вирустың жаңа лямбда штамы Ресей аумағында әзірше тіркелген жоқ. Вектор, вирусология мен биотехнология Орталығының мәліметі бойынша өңірлердің көбісінде науқастардың 95 процентінен астамы дельта штамын жұқтырған.

Александр Арутюнов, Терапевтер еуразиялық қауымдастығының бас хатшысы: 

–  Вирустың әрбір жаңа мутациясы бұрынғыларын ығыстырады. Эволюцияның мәнісі осында. Бірақ олар да ауырлығы жағынан дәл сондай дерт, тек жұқпалылығы артады. Егер адамға екпе салынса, ол бүкіл мутациялардан қорғалады, өйткені вакцинаға вирустың ең сирек өзгеретін бөлшектері қолданылады. Яғни мутацияға ұшырамайтын бөліктері. Егера адам вакцина алып, бетперде, антисептик секілді қорғаныш құралдарын қолданса, лямбда немесе дельта штамы болсын, вирусты жұқтыру ықтималдығы бірдей болады. Ал дертке шалдықса, ауруы жеңіл өтеді.  

Сондай-ақ...