COVID-19: Токио ауруханаларында бос орын жоқ

Токиода коронавирус жұқтырып жатқандар қатары күн санап артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқастардың көптігі сонша, қаладағы ауруханаларда бос орын қалмаған. Осыған байланысты дәрігерлер дабыл қағып жатыр. Олардың айтуынша, емханаларды шұғыл түрде қосымша төсек орынмен қамтамасыз ету керек. Токиодағы ахуал соңғы күндері өте күрделі. Осыған байланысты билік өкілдері төтенше жағдай режимін жариялады.

Хиронори Сагара, дәрігер:

- Ауыр халде ауруханаға түсіп жатқан азаматтар қатары артып жатыр. Ал олардың бәріне бірдей орын жоқ. Бұлай жалғаса берсе, жоспарланып қойған хирургиялық операциялардың бәрін кейінге қалдыруға тура келеді.