Малиде ірі жол апатынан 41 адам қаза тапты

Малидің Сегу қаласынан 20 шақырым жерде ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиғадан 41 адам мерт болды. Тағы 33 адам түрлі жарақат алды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тауар тиелген жүк көлігінің жүргізушісі жолаушыға лық толы автобуспен соқтығысып қалған. Белгілі болғандай, жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, жүргізуші темір тұлпарын басқара алмай қалған. Айта кетейік, аймақта бұндай оқиғалар жиі тіркеледі.

Алассан Траор, Сегу қ. губернаторы:

- Жолда келе жатқан бірінші автобус жүк көлігін айналып өте алды. Екіншісі онымен бетпе-бет соғылды. Салдарынан ондаған адам қаза тапты. Өте сұмдық көрініс.