Германияда екпе алған жасөспірімдердің қатары артып барады

Германияда әр бесінші жасөспірім вакцина қабылдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлығы 900 мың бала егілді. Бұл елде 12 жастан асқандар ата-анасының келісімімен екпе еге алады. Кәмелет жасқа толмағандар үшін BioNtech/Pfizer мен Moderna препараттары мақұлданған. Вакцинаны отбасылық дәрігерде немесе екпе егу орталықтарында салдырады. Берлинде екпені алдын ала жазылмай-ақ 5 орталықта кезекте тұрып алуға болады. Жергілікті билік шараға барынша көп адамды тарту үшін осы орталықтарда мәдени іс-шаралар өткізуді жөн көрді. Осылайша, тұрғындар вирусқа қарсы дәрі алып қана қоймай, көңілдерін көтеріп сергіп кетеді.

Блиц 1:

- Жасым 17-де. Вакцина қабылдау өте маңызды шара деп ойлаймын. Жаңа ғана BioNtech препаратының біріші дозасын салдырдым. Осылайша, өзімді де отбасымды да қорғамақпын. Айтпақшы, достарымның көбі егілген.

Блиц 2:

- Вирустан қорғану үшін барыншы көп адам вакцина қабылдау керек. Бірен-сараң адамның егілгені нәтиже бермейді. Сондықтан бірігуіміз керек. Демалысқа шықпай тұрып сыныпта ешкім екпе салдырмаған еді. Қазір егілгендердің қатары артып барады.

Аргентинада да 12 мен 17 жас аралығындағы балалар коронавирусқа қарсы вакцина еге бастады. Олардың арасында диабет, ісік ауруы және жүрек-қан тамырларының ауруымен ауыратындар да бар. Шара ерікті түрде өтеді, Дәріні қабылдау алдында жасөспірімдер маманға қаралып, ата-анасының келісімін алу керек. Иммунизация шарасына BionTech/Pfizer мен Moderna препараттары  қолданысқа енді.