Доминикан Республикасында обаға байланысты мыңдаған доңыз жойылады

Доминикан Республикасында африкалық оба вирусының таралуына байланысты он мыңдай доңыздың көзі жойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел билігінің мәлімдеуінше, қауіпті індет 32 провинциясының 11-інде тіркелген. Өлген айуандардан алынған 389 анализ үлгісі АҚШ-тағы зертханаларға жіберіліп, індеттің таралып жатқаны расталды. Үкімет шаруаларға көзі жойылған әр талпақ танау үшін нарық бағасына сай өтемақы берілетінін жеткізді. Әлемде обаның бұл түріне қарсы вакцина шығарылмаған.

Серджио Хименес, шаруа:

- Осы доңыздарды бағамыз деп қыруар несие алғанбыз. Қазірдің өзінде 52,5 мың доллар шығынға баттық. Қазір қораларымыз бос тұр. Қатты қапаланып тұрмын. Не істерімізді білмейміз.

Карлос Мануел Родригес, шаруа:

- Менің шаруашылығымда 3 мыңнан астам доңыз қырылды. Өзгелеріне жұқпас үшін өзіміз індетке шалдыққан шошқаларды өлтірдік.

Сондай-ақ...