Оман шығанағында Asphalt Princess танкеріне шабуыл жасалды

Оман шығанағында ұсталған Asphalt Princess танкері Иранға қарай бет алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Sky News телеарнасының хабарлауынша, Панама туымен сапарға шыққан кемеге қаруланған 10ға жуық адам шабуыл жасаған. Қаскөйлер капитанға су көлігін Иран аумағына бұруды талап етті. Ресми Тегеран болса, бұл оқиғаға еш қатысы жоқ екенін айтып отыр. Орын алған жайтқа Ұлыбритания мен АҚШ-тың әскери теңіз күштері алаңдаушылық білдіруде. Қос тарап та бұл істі қатаң бақылауда ұстап отырғанын айтады. Британдық теңіз сауда ұйымының сарапшылары болса Оман шығанағында жүзген кемелерді аса сақ болуға шақырады. Мәселен жуырда ғана бұл аймақта Mercer Street деп аталатын жапон танкеріне де шабуыл жасалған болатын.