Чехияда екі жолаушылар пойызы соқтығысты

Чехияның оңтүстік-батысында Домаждице қаласының маңында екі жолаушылар пойызы соқтығысты, деп хабарлады РИА Новости.

Мәліметтер бойынша, пойыздардың бірінің машинисі семафордың қызыл сигналында жүріп кеткен.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеуде. Екі адам қаза тауып, 38 жолаушы жарақат алды, олардың жетеуінің жағдайы ауыр.