Чехиядағы пойыз апатына техникалық ақау себеп болуы мүмкін

Чехияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондаған кісі жарақат алды. Жетеуі ауыр халде. Белгілі болғандай, оқиға елдің оңтүстік-батысында орналасқан Домажлице қаласы маңында болды. Алдын ала мәлімет бойынша машинистердің бірі семафордың қызыл түсіне өтіп кеткен. Бұдан бөлек, апатқа пойыздағы техникалық ақау себеп болды деген болжам да бар. Қазір апат орнында жедел әрекет ету қызметі жұмыс істеп жатыр.