Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 200 млн-нан асты

Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 200 млн-нан асты.

Бұл Джонс Хопкинс университетінің мәліметі. Індет өршіп тұрған елдердің қатарында АҚШ, Үндістан мен Бразилия көш бастап тұр. Құрама штаттарында 35 млн 300 мың науқас тіркелсе, Үндістанда бұл көрсеткіш 31 млн 800 мың адамды құрап отыр. Ал Бразилияда дімкәс жандардың саны 20 млн-ға жетті. Бұл елдерде өлім-жітім көрсеткіші де ең көп тіркелген. Сондай ақ Ұлыбритания, Түркия, Аргентина, Колумбия мен Испан елдеріндеде эпид ахуал мәз емес.