Перуде қалың қар жауды    

Латын Америкасында қар жауды.

Перудің оңтүстігіндегі Арекипа қаласында ақ ұлпа көшеде көліктердің жүруіне кедергі келтірді. Тұрғындар жылы киімдерін киюге мәжбүр болған. Кей жерде ауа райы ылғал тартып, жол үстіне мұз қатты. Метеорологтар қолайсыз ауа райы келесі аптаға дейін жалғасатынын ескертіп жатыр.

Ақ ұлпа көршілес Боливия тұрғындарын да әуреге түсірді. Потоси қаласында жауған қардың салдарынан көліктер қамалып қалды. Температура бағаны нөлден төмендеді. Кейбір тұрғындар,,табиғаттың тосын мінез танытуынан ләззат алды. Қалың қарға байланысты футбол чемпионаты кейінге шегерілді.

Сондай-ақ...