Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі 2 айға қамалды 

Қырғызстанның экс-премьер-министрі Темір Сариев 30 қыркүйекке дейін қамауда болады.

Осы елдің Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті 3 тамызда оны ұстағанын хабарлаған болатын. 2 айға қамау туралы шешім түнде қабылданған. Бұрынғы Үкімет басшысы Кум-төр кен орнын игеруге байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Сот залы ғимаратының маңына жиналған Темір Сариевтің туыстары мен жақтастары оны бостандыққа шығаруды талап еткен. Экс-премьер-министрге экологиялық шығынды азайтып көрсетіп, бірнеше миллиард сом зиян келтірді деген айып тағылып отыр.