Туристің көзілдірігін киіп алған орангутанның видеосы бір тәулікте 20 млн қаралым жинаған (бейне)

Америкалық Лола Тесту байқаусызда көзілдірігін Индонезияның хайуанаттар бағындағы орангутан қоршауына түсіріп алады, деп хабарлайды «Хабар 24» sntch.com сілтеме жасап.

Маймыл сәнді аксессуарды тауып, киіп алады. Бірнеше минут қызықтаған ол көзілдірікті туристке қарай лақтырып жібереді. Бейне желіде тез тарап, бір күнде 20 миллионнан астам қаралым жинаған.