Вакцинаның екі дозасын қабылдағандар Франциядан Британияға карантинсіз кіре алады

Франциядан коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын қабылдаған азамат Британияға келсе, 10 күндік карантинде отырмайтын болды.

Біріккен Корольдіктің қабылдаған бұл шешімі тамыздың 8-інен бастап заңды күшіне енеді. Осылайша Францияның басым бөлігі енді «сарғыл түсті» елдердің тізіміне енді. Тек Реюньон аралы әзірге «қызыл аймақта» қала бермек. Бұған өңірдегі эпидемиологиялық ахуал себеп. Ал «жасыл түсті» аймаққа  Австрия, Германия, Словения, Словакия, Латвия, Румыния мен Норвегия елдері енетін болды. Бұл мемлекеттерден келген туристер вакцинаның екі дозасының бар жоғына қарамастан Англияға карантинсіз қатынай алады.

Грант Шэппс, Ұлыбританияның транспорт министрі:

– Бүгін бірқатар елдерді «жасыл аймақ» тізіміне енгіздік. Францияға қатысты да шектеулер жеңілдетілді. Бұл елден келгендер вакцинаның екі дозасын қабылдаса, карантинсіз Ұлыбританияға кіре алады. Тек қажет болған жағдайда ПТР тест тапсырулары мүмкін. Біздің байқағанымызша, соңғы кездері Францияда аурудың Бета түрі аз тіркеле бастады.