Елге кірген әр шетелдік екпе алуы керек – АҚШ президенті

Джо Байден әкімшілігі АҚШ аумағына кірген әр шетел азаматы вакцина қабылдауы тиіс деген шешімге келді.

Кірмелерге екпе егу науқаны аймақтағы эпидахуал жақсарғаннан кейін жүзеге аспақ. Ол үшін мамандар арнайы жоспар құра бастады. Бұл шара елдегі туризм индустриясын жандандыру үшін қажет дейді мамандар. Алайда шенеуніктердің пікірінше, ол үшін шектеулерді бірден жеңілдету әлі ерте. Мәселен әлемнің түкпір-түкпірінде инфекцияның «дельта» штамы желше тарап барады. АҚШ-тың өзінде соңғы тәулікте 60 мыңнан астам адам ковид дертіне шалдыққан.