Қытайдағы жекеменшік мектептер мемлекет бақылауына өтеді

Қытайда 9 сыныптық білім беретін жеке меншік мектептер мемлекет иелігіне өтеді. Білім министрлігі жаңа ережелерді жариялады.

Ережеге сәйкес, толығымен дербес оқу орындарын жеке меншік ұйымдар немесе тұлғалар басқара алады. Сонымен қатар үкімет мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік капиталы арасындағы серіктестік негізінде жаңа мектептер ашуға тыйым салды. Ал жұмыс істеп жатқандары екі жылда заңдық мәртебесін өзгертуі керек. Билік бұл шараларды сапалы білім алуды барлығына қолжетімді ету мақсатымен қабылдап отыр. Қытайда 9 сыныптық білім алу міндетті және бәріне тегін.