425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Forbes әлемдегі ең бай әншінің атын атады

  • 235
  • UPD: 15:32, 05.08.2021
Forbes әлемдегі ең бай әншінің атын атады

33 жастағы американдық әнші Рианна Forbes мәліметтері бойынша әлемдегі ең бай әртіс деп аталды, деп хабарлайды Хабар 24 Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Рианнаның байлығы 1,7 миллиард долларға бағаланады. Табыс негізінен кәсіпкерлік қызметпен байланысты: 2017 жылы құрылған косметикалық компания және іш киім шығаратын компанияның үлесі.

Косметикалық компанияның брендін жылжытуда әлеуметтік желілердегі жарнамалар маңызды рөл атқарды: әншінің Instagram-да 101 миллион және Twitter-де 102 миллионнан астам ізбасарлары бар.

2019 жылы Рианна музыка әлеміндегі ең бай әйелдер рейтингінде көшбасшылық орынға ие болды. Содан кейін әншінің байлығы 600 миллион долларға бағаланды.

Хабар 24 телеарнасы