Қытай 2020 жылы маскадан 90 млрд долларға жуық табыс тапқан

Қытайлық компаниялар пандемияның бірінші жылында медициналық маскалар мен басқа да жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) экспорттаудан шамамен 90 миллиард доллар табыс тапты. Бұл туралы Петерсон әлемдік экономика институтының (PIIE) есебінде айтылған, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Егер 2019 жылы ЖҚҚ сатудан түскен түсім 22,9 миллиард долларды құраса, 2020 жылы - 88,1 миллиард.

Жалпы соманың 53,8 миллиард доллары маскалар мен респираторларға, 16,8 миллиарды бет қалқандарына, 10,8 миллиарды қорғаныс киімдеріне және 3,9 миллиарды қолғаптарға тиесілі.

2020 жылдың сәуірінде бір медициналық масканың экспорттық бағасы 2019 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 720,8% өсті. Қытай жеке қорғаныс құралдарын негізінен АҚШ пен Еуропалық одаққа экспорттаған.