Австралияның Виктория штатында тағы локдаун жарияланды

Австралияның Виктория штатында тағы да қатаң локдаун жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу шарасына сегіз адамның «Дельта» штамын жұқтыруы себеп болған. Қазір жергілікті мамандар қауіпті вирус ошағын анықтауға тырысып жатыр. Жаңа тәртіпке сәйкес штат тұрғындарына іште де, сыртта да бетперде кию міндетті. Сонымен қатар қарттар үйі мен ауруханаға баруға болмайды.