Лукашенко қауіпсіздік қызметкерлеріне шекара күзетін күшейтуді тапсырды

Лукашенко қауіпсіздік қызметкерлеріне шекара күзетін күшейтуді тапсырды

Беларусь президенті Александр Лукашенко қауіпсіздік қызметкерлеріне шекара күзетін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лукашенконың айтуынша, мұндай шара көрші мемлекеттер заңсыз мигранттарды қуып шығара бастағанда көмегін тигізеді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Беларусь пен Литва шекарасында миграциялық дағдарыс орнады. Жыл басынан бері Беларусьтен 4 мыңнан астам азамат Литва аумағына заңсыз өтіп кеткен. Осыған байланысты Литва билігі шекара маңында лагерьлер құрып, тосқауылдар орната бастады.

Александр Лукашенко, Беларусь президенті:

- Бүгіннен бастап Беларусь аумағына оңтүстіктен де, батыстан да ешкім аяқ баспауы керек. Шекараны әр метріне дейін жабыңыздар. Шекара әскерлеріне, жалпы күш құрылымдарымызға үлкен қаражат бөлінген, бұл бекер емес. Халық тыныштықта болуы керек, оларды қорғайтын адамдар бар екенін білуі керек. Ал, ол біздің қолымызда.