АҚШ-та бір жарым ғасырлық тарихы бар қала өртеніп кетті

АҚШ-тың Калифорния штатындағы орман өрті Гринвилл қаласын күлге айналдырды. Осылайша 150 жылдық тарихы бар шаһар тұтас жойылды.

Жергілікті ақпарат құралдарына сұхбат берген тұрғындар өрт екі сағат ішінде елді мекенді жайпап өткенін айтады. Аймақта 3 аптадан бері тоқтамай жатқан өрт 1 мыңнан астам шаршы шақырым жасыл желекті шарпыған. Билік «тілсіз жауды алдағы аптаның аяғына дейін ауыздықтаймыз» деп мәлімдеген. Мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғи апат салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Баспанасыз қалған адамдар үшін уақытша паналау орталықтары құрылды.