Қазақстан тумасы АҚШ Қаржы министрлігінің ведомствосына басшы болып тағайындалуы мүмкін

АҚШ-та қазақ қызы осы елдің Қаржы министрлігіне қарасты Валюталық бақылау басқармасының басшылығына тағайындалуы мүмкін.

Аталған лауазым АҚШ аумағындағы жергілікті және шетелдік барлық банктерге бақылау жасайды.

«Нью-Йорк Таймс» газетінің хабарлауынша, қазір Ақ үй Қазақстанда туып, Корнель университетінің банк құқығы профессоры атанған Сәуле Омарованың кандидатурасын қарастырып жатыр. Отандасымыз банк саласында криптовалютаға қатысты туындаған қауіп-қатерлерді анықтаумен табысты айналысып келеді.