Халықаралық Олимпиада комитеті Беларусьтің екі спорт шенеунігін аккредитациядан айырды. Олар жеңіл атлетшы Кристина Тимановскаяның ісіне қатысы бар деп танылды.
Нәтижесінде Беларусь жеңіл атлетшілер құрамасының бапкері Юрий Моисеевич пен команда өкілі Артур Шумак Олимпиада қалашығынан кетуге мәжбүр болды. Қазір бұл азаматтарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Естеріңізге салайық, Кристина Тимановская шенеуніктердің жүгіретін дистанция жайында қабылдаған шешіміне қарсы шығып, ол туралы әлеуметтік желіде жазған. Кейін спортшы Беларуське қайтудан бас тартып, Тимановскаяны Польша өз қанатының астына ала қойды.