Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 23-ке жетті

Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 23-ке жетті
РИА

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында су тасқынынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті.

300 мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлады India Today.

Бұған дейін нөсер жаңбырдың салдарынан 14 адам құрбан болғаны айтылған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, жауын-шашынның азаюына қарамастан, жағдай күрделі күйінде қалып отыр.