Тәліптер Нимроз провинциясының орталығын басып алды

Тәліптер Нимроз провинциясының орталығы Зарандж қаласын басып алды. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс хабарлады.

Бірақ ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ. Билік өкілдерінің айтуынша, Зарандж қаласы үшін ұрыс әлі де жүріп жатыр. 

Ауғанстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әуеден жасалған соққы кезінде 14 содыр мерт болған.

Айта кетейік, «Талибан» қозғалысының шабуылы АҚШ әскерін Ауғанстаннан алып кете бастағаннан бері қарқын алды. Түрлі мәліметке қарағанда қазір тәліптер ауған жерінің 50-80 процентін өз бақылауында ұстап отыр.

Баз Мұхамед Насыр, Нимроз провинциясы кеңесінің басшысы:

- Нимроз орталығы тәліптердің бақылауында. Олар бәрін басып алды. Жергілікті әкімшілік те, полиция бөлімшесі мен басқа нысандар да солардың қолында. Мұндай жағдай аймақтағы үкімет әскерінің жеткілікті деңгейде болмауынан туды деп ойлаймын.

Сондай-ақ...