Якутиядағы орман өрті мұнай базасына жақындап қалды

Якутиядағы орман өрті елді мекендерге жетіп, мұнай базасына қауіп төндіре бастады.

Кобяйский ауданы басшысының айтуынша, жалынның қара алтын қоймасына жетуіне небәрі бір жарым шақырым қалған. Осыған байланысты республиканың жедел әрекету ету штабы аймаққа Ил-76 ұшағын жіберетін болды. Қазір табиғи апат аймағында 80 маман өртпен күресіп жатыр. Бұдан бөлек ондаған техника бар.

Айта кетейік, Якутияда 160-қа жуық өрт ошағы тіркелді. Өткен тәулікте оның 14-і сөндірілген.