Сицилия жағалауына 257 мигрант жеткізілді

Бортында 250-ден астам мигранты бар немістің құтқару кемесі Италия билігінің рұқсатынан кейін Сицилия жағалауына тоқтады.

Ізінше, босқындардан ПТР тест алынып, медициналық тексеру өткізілді. Енді екі апталық карантиннен кейін мигранттар емін-еркін жағаға түсе алады. Айта кетейік, соңғы екі айда Италияға келген босқындар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейген. Осыған байланысты жергілікті билік Еуроодақ елдерін құтқарылған мигранттарға өз порттарын ашуды сұрап отыр.