Боливияда қалың қар жауды

Боливияда қалың қар жауды

Латын Америкасында аяқ асты қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан Боливиядағы көліктер қар құрсауында қалды. Сынап бағанасының нөлден төмендеуіне байланысты жергілікті футбол чемпионаты кейінге шегерілді. Ал Перуде ақ ұлпа кесірінен жол үстіне мұз қатып, көлік қозғалысы қиындады.

Блиц:

- Жолда жүру қауіпті іске айналды. Мұздың үстінде көлікті басқару өте қиын. Әдетте зыр ете қалатын жолда 5 сағаттан бері қыбырлап келемін. Куско қаласына бара жатыр едім.