2021 жылы әлемдегі ең үздік әуежайлар аталды

Skytrax әлемнің 100 елінің өкілдерінен 500 әуежайға баға беруді сұраған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Британияның Skytrax консалтингтік компаниясы 2021 жылы әлемнің ең үздік әуежайларын атады. Бұл туралы avianews хабарлайды.

Үздік аэровокзалдарды анықтау кезінде инфрақұрылым, кезек күту, қызмет көрсету және әуежай қызметкерлерінің жолаушыларға қарым-қатынасы ескерілді.

Рейтингте Катар астанасы Дохадағы Хамад әуежайы көш бастады, екінші орын – Токиодағы Ханеда, үшінші орын Сингапурдағы Чанги әуежайына бұйырған.

 

1. Дохадағы Хамад әуежайы

 

2. Токиодағы Ханеда әуежайы

 

3. Сингапурдағы Чанги әуежайы

Үздік ондыққа Сеулдегі Инчхон әуежайы, Токиодағы Нарита, Германиядағы Мюнхен, Швейцарияның Цюрих, Лондондағы Хитроу, Жапониядағы Кансай және Гонконгтегі әуе вокзалы енген.

Бұрынғы КСРО елдерінің ішінде ең жоғары – 51-орынды Баку әуежайы, 57-орынды Мәскеудегі Шереметьево әуежайы иеленген.

Сондай-ақ...