Тарихта алғаш рет: астронавтар ғарышта Олимпиада ойындарын өткізді

Халықаралық ғарыш станциясында Токио-2020 Жазғы Олимпиада ойындары құрметіне астронавтар тарихтағы алғашқы Ғарыш Олимпиада ойындарын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

НАСА ұсынған мәлімет бойынша екі командаға бөлінген 7 ғарышкер спорттың 4 түрінен өнер көрсетті.

Айта кетейік, Халықаралық ғарыш стансасында қазір жеті ғарышкер бар. Олар «еденсіз гимнастика», «қол тигізбей ойнайтын қол добы», «ғарыштық синхронды жүзу» және «гравитациясыз ату» ойын түрлері бойынша бақ сынады.