Нагасаки тұрғындары атом бомбасы құрбандарын еске алды

Жапонияның Нагасаки қаласында 1945 жылы 9 тамызда болған атом бомбасы құрбандарын еске алу кеші өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара 1 минут үнсіздікпен басталлы. Монументке гүл шоқтарын қою рәсіміне ел премьер-министрі Ёсихидэ Суга қатысып, қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Дәл осындай шара тамыздың 6-сы күні Хиросима қаласында да ұйымдастырылды. Кей дерекке сүйенсек, Хиросима мен Нагасакидегі екі жарылыстан 220 мыңға жуық азамат қаза тапты. Оның басым бөлігі бейбіт тұрғындар еді.