Сингапурде әлемдегі ең кішкентай нәресте ауруханадан шығарылды

Сингапурлық дәрігерлер әлемдегі ең кішкентай жаңа туған нәрестені ауруханадан шығарды.

Қыз бала дүниеге келгеннен бері 13 ай ауруханада жатқан. Бұл туралы BBC хабарлады.

Нәрестенің туған кездегі салмағы небәрі 212 грамм, ал бойы 24 см болды. Ол мерзімінен әлдеқайда ерте туылған – жүктіліктің 24-аптасының соңында. Нәрестенің анасы Юй Сюань преэклампсия болған, яғни жоғары қан қысымы, ол бала мен ананың өліміне әкелуі мүмкін. Қауіпті жағдайға байланысты әйелге мерзімінен төрт ай бұрын кесар тілігі жасалды.

Ана мен баланың жағдайы жақсарып келеді. Нәрестенің салмағы қазір 6,3 келіге жетті.