Сочиді тағы да су басты

Сочиді де тағы су басып жатыр.

Қалада ақ жауын құйып тұр. Жел де күшейген. Билік тұрғындарды сақ болуға шақыруда. Құтқарушылар демалушылардан суға түспеуді өтініп әлек. Синоптиктердің болжамы әзірге көңіл көншітпейді. Қолайсыз ауа райы әлі бірнеше күн сақталуы мүмкін.

ТАЙВАНЬДА ТАСҚЫН КӨПІРДІ ТАЛҚАНДАДЫ

Тайваньның оңтүстік жағалауында алапат тайфун соғып, су тасқыны көпірді талқандады. Нысанның қираған сәті бейнетаспаға жазылып қалған. Алапат су  алып көпірді бөрене құрлы көрмей, әп-сәтте ағызып әкетті.

ЖАПОНИЯҒА ДА ТАЙФУН КЕЛЕ ЖАТЫР

Тайфун Жапонияға да қауіп төндіріп тұр. Билік құрлыққа «Лупит» дүлей дауылының жақындап қалғанын айтып, дабыл қағуда. Бұл аймақта 300 мыңнан астам адам тұрады. Метеорологтар тайфунның соңы тасқын мен лай көшкініне ұласуы мүмкін деп сақтандыруда.