АҚШ Беларуське қатысты жаңа санкцияларды мақұлдады

АҚШ Беларуське қатысты жаңа санкцияларды мақұлдады

Америка Құрама штаттары Беларуське қатысты жаңа санкцияларды мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джо Байденнің Александр Лукашенко режиміне қарсы жаңа шектеулері жайында Ақ үй сайтында да жарияланды. Қара тізімде «Беларуськалий», «Белнефтегаз», Тергеу комитеті мен Ұлттық Олимпиада комитеті бар. Жалпы алғанда осы жолы шектеулерге 23 адам мен 21 компания ілікті. АҚШ-пен бірге оның одақтастары Канада мен Ұлыбританияда да Беларуське қарсы бірнеше санкция жариялап отыр.

Естеріңізге салайық, 9 тамызда Беларусьтегі наразылықтың басталғанына бір жыл болды. Президент сайлауынан кейін елді жаппай келеңсіздік жайлаған. Сайлау нәтижесіне көңілі толмағандардың қарасы қалың болды. Ал, Еуроодақ және АҚШ елдері Беларусьтегі президент сайлауының ресми нәтижесін мойындаудан бас тартқан еді. Лукашенконың өзі болса жеңіске әділ жолмен жеткенін айтып отыр.

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының президенті:

- Ашуымызға тисе, тиісті шара қолданатын боламыз. Қазір де қол қусырып отырған жоқпыз. Сондықтан санкция жариялауды қою керек. Таяқтың екі ұшы бар. Бұның да кесірі тиюі мүмкін. Ешкімге сес көрсетіп жатқан жоқпыз. Алайда шара қолдануға өздері итермелеп отыр.