Пентагон әскерилерге вакцина салдырмақ

Пентагон қыркүйектің 15-іне қарай барлық әскериге коронавирусқа қарсы екпе егіле бастайтынын хабарлады.

Жоспар бойынша 1 млн 300 мың жасақ вакцина қабылдамақ. Жақын арада құжатты ел президенті мақұлдауы тиіс. Әскерилердің міндетті егілуін, Ақ үй басшысының өзі өткен айда талап еткен еді. Мамандар қарулы күштер қатарында жүргендерге  Pfizer мен BioNTech препаратын енгізбек. Әзірге егілмеген әскерилердің жұмысындағы шектеулер өз күшінде қала бермек. Атап айтқанда, әлеуметтік арақашықтық, маска тағу режимі мен шет елге шыға алмау талабы сақталады.

Джон Кирби, АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Әскерилер арасында вирус жұқтырғандар мен ауруханаға түскендердің қатары артты. Бұған жер жаһанды жайлаған коронавирустың «Дельта» штамы себеп болып отыр. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Қажет болса, екпе егу науқанын мерзімнен бұрын да бастап кетуіміз мүмкін.