Лондондағы танымал Тауэр көпірінен техникалық ақау шықты

Лондонда танымал Тауэр көпірі техникалық ақауға байланысты бірнеше сағат бойы қалпына түсе алмай тұрды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзеннен алып кеме өткен кезде мамандар көпірдің екі жақ жолын көтерген еді. Алайда оны орнына түсіру үшін біраз уақыт қажет болды. Салдарынан ондағы көлік қатынасы тежеліп, жаяу жүргіншілер мен көліктерге басқа жолмен қатынауға тура келді. Соның кесірінен екі жақ көшеде де кептеліс түзелді.

Айта кетейік, Ұлыбританиядағы әйгілі Тауэр көпірі 1894 жылы ашылған. Жыл сайын ол 800 мәрте жоғары көтеріліп, төмен түсетін.