Канада мен АҚШ шекарасы 16 ай карантиннен кейін қайта ашылды

Осы аптадан бастап Канада мен АҚШ шекарасы 16 ай карантиннен кейін қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге Оттава ел аумағына тек вакцина қабылдаған туристерді ғана кіргізіп жатыр. Қазір Канадаға барар жолда АҚШ-тан келген көліктердің ұзын-сонар кезегі түзілген. Ол осылай 3-4 сағат тұруға мәжбүр. Саяхатшылардың көбі елдің солтүстігінде демалмақ ниетте.

Естеріңізге салайық, Канада билігі пандемия салдарынан құрама штаттардан келгендер үшін шекарасын өткен жылдың наурызында жапқан еді. Канадада туризм елдің жалпы ішкі өнімін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын сала. Пандемияға дейін мұндағы әр бесінші жұмыс орны осы бағытқа тиесілі болған.