Қытайда қаңғыбас пілдер қорыққа оралып жатыр

Қытайда қаңғыбас пілдер қорыққа оралып жатыр

Қытайда қашып кетіп, 17 ай қаңғырған пілдер тұрақты мекені қорыққа қайтып келе жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың оралуы үшін Үкімет жолдарына жем мен бөгеттер қойып, қолайлы жағдай тудырып отыр. Алып жануарлар қорық аумағынан қашып шыққан сәттен бастап 500-ден астам шақырымды жүріп тастаған. Жай жүрмей, олар ауыл шаруашылық алқаптарын таптап, шаруаларға біраз шығын келтірген. Осындай 400 келеңсіз оқиға тіркелді.