Тәліптер Ауғанстандағы тағы бір қаланы бақылауға алды

Тәліптер Ауғанстандағы Бағлан провинциясының орталығын басып алды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы «Талибан» қозғалысының мүшелері мәлімдеді. Айтуларынша, жергілікті барлау басқармасы мен басқа да мемлекеттік мекемелер қазір солардың бақылауында.

Айта кетейін, кеше ғана Фарах провинциясының орталығы тәліптер қоршауында қалған еді. Түркияның Анадолы агенттігінің хабарлауынша, жалпы соңғы 5 күнде Ауғанстаның үкіметтік күштері 5 әкімшілік орталықты өз бақылауынан шығарып алған. 

Забиулла Атал, Ауғанстан әскерінің офицері:

– Содырлар шабуылды таңғы 7-де бастады. Төрт рет полиция ғимаратын оқ астына алды. Абырой болғандай, біз оларға тойтарыс бере алдық.

Ауғанстандағы ахуалға байланысты Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан әскерилерінің бірлескен оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Тәжік елінің аумағында өткен әскери жаттығуға 2,5 мың сарбаз бен 500 әскери техника қатысты. 

Сондай-ақ...