Перуде әуе күштері орман өртімен арпалысып жатыр  

Перуде алапат өртті ауыздықтауға әскерилер жұмылдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір әуе күштері Куско өңіріндегі отты сөндіруге тырысуда.

Яғни жалынның тарап кетпеуіне күш салып жатыр.

Айта кетейін, Кускода ежелгі Мачу-Пикчу қаласы орналасқан. Билік өкілдерінің айтуынша, инк тайпалары тұрған шаһарға әзірге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Эдуардо Сагастеги, әскери-әуе күштерінің капитаны:

– Біз өрттің таралуын бақылауда ұстауға тырысып жатырмыз. Оған бар күш жұмсалуда. Себебі, өздеріңіз көріп тұрғандай, жалын аумағы өте үлкен.

Өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жаһандық жылыну қауіпті деңгейге жеткенін, бақылаудан шығуға шақ қалғанын айтады. Мұндай мәлімдеме Бразилияның Мату-Гросу өңіріндегі орман өртінен кейін жасалды. Тамыздың 7-сінде басталған бұл өрт бүгінге дейін 2 мың 300 гектар егістік пен жайылым жерді жайпап тастаған. Амазонияны зерттеу институтының ғылым жөніндегі директорының айтуынша, ауаға кететін зиянды заттар қалдықтарын тез арада қысқартпаса, алдағы жиырма жылда жер бетіндегі температура шамамен 1,5 грудасқа көтеріледі.

Сондай-ақ...