Байден Ауғанстаннан АҚШ әскерін әкеткеніне өкінбейді 

«Талибан» қозғалысының шабуылы қайта қарқын алып, Ауғанстандағы ахуалдың нашарлауына қарамастан, АҚШ президенті Джо Байден бұл елден Америка әскерін әкету туралы шешіміне өкінбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Журналистермен өткен кездесу барысында Ақ үй басшысы осылай деді. Байденнің айтуынша, Құрама Штаттар ауған күштеріне әуеден қолдау көрсетіп, қажетті жарақтармен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындауды ары қарай да жалғастыра береді.

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Біз 20 жылда триллион доллардан аса қаражат жұмсадық. 300 мыңнан астам ауған сарбазын оқытып, заманауи жабдықтармен жарақтадық. Олар тәліптерден сан жағынан да басым. Соған қарамастан біз өз міндеттемелерімізді ары қарай орындай бермекпіз. Бірақ әскерді әкету туралы шешіміме еш өкінбеймін.