АҚШ-та 12-ге толмаған балалар коронавирус жұқтырып жатыр

АҚШ-та жасы 12-ге толмаған балалардың арасында коронавирус жұқтыру дерегі көбейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми мәлімет бойынша өткен аптада ковид 65 мың жеткіншектен анықталған. Сарапшылар билікті 12 жасқа дейінгі балаларға вакцина салу ісін тездетуге шақырды. Әсіресе, вакциналау қарқыны төмен аймақтардағы эпидахуал қатты ушығып тұр. Солардың бірі - Луизиана штаты. Бұл өңірде халықтың 37%-і ғана екпе алған. Дәрігерлердің айтуынша, ковид ауруханаларына түскен балалардың барлығы вакцина салдырмағандар. АҚШ-та жасы 12-ден асқан балаларға екпе салуға рұқсат берілген.