С.Шойгу: ҰҚШҰ тәліптердің шабуылына дайын болуы керек  

С.Шойгу: ҰҚШҰ тәліптердің шабуылына дайын болуы керек  

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдер Ауғанстандағы тәліптердің шабуылына дайын болуы керек.

Бұл туралы «Хабар 24». Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгуға сілтеме жасап хабарлайды мәлімдеді. Қазір Ауған елінің Өзбекстан және Тәжікстанмен арадағы шекарасы «Талибан» содырларының бақылауына өтіп кеткен. Тәліптер көршілес мемлекеттердің шекарасынан аспауға уәде берген, бірақ ресейлік министр арандатушылық әрекеттерге әзір болған дұрыс деп есептейді. Соңғы күндері Ауғанстандағы жағдай қатты ушығып тұр. «Талибан» 6 провинцияның орталық қаласын басып алған. Олар шекара маңындағы аумақтың 90 процентін бақылауда ұстап отыр. Ауған билігімен арадағы текетірес, АҚШ қыркүйекте әскерін қайтарамыз деп мәлімдегеннен кейін күшейді.