Үндістанда еріктілер қайыршы балаларды оқытып жүр

Үндістан астанасының маңында үкіметтік емес ұйым лашықтардағы балаларды оқытып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мақсатта бұл жерге сенбі-жексенбіде Нью-Делиден 4 автобус қатынайды. Еріктілер көліктерге 50 баланы отырғызып, білім және тамақ береді. 3 пен 13 жас аралығындағы бұл оқушылар – мигранттар мен қайыршылардың балалары. Осылайша қайырымды жандар коронавирус індеті кезінде, оқудан мүлде қол үзген жеткіншектердің сауатын ашуда.

Сондай-ақ...