Камчаткада туристер отырған тікұшақ апатқа ұшырады

Әуе көлігінің бортында 3 экипаж мүшесі және 13 турист болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында бір бала бар. ВВС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 16 адамның 8-і аман қалды. Белгілі болғандай, Ми-8 тікұшағы Камчаткадағы Курильский көліне құлап, 100 метр тереңдікке батып кеткен. Өлім аузынан аман қалғандар дәрігерлердің жіті бақылауында. Ал оқиға орнында сүңгуірлер жұмысын жалғастырып жатыр. Тікұшақ тиесілі «Витязь-Аэро» компаниясының басшысы көлік 2020 жылы толық жөндеу жұмыстарынан өткенін айтады. Апатқа қатысты тергеу ісі басталды.